Мектептегі электрик «вахтада»

12/01/20211min1150

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе білім саласындағы, дәлірек орта білім беру мекемелерінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Жүргізілген мониторинг жұмыстары № 34 мектепте мүдделер қақтығысы орын алғандығын көрсетті. 2018 жылдың 2 тамызында № 163 Еңбек шартына сәйкес № 34 Мектеп директоры Нуралиева Динара Хатамқызы «электрик» қызметіне Маметов Руслан Тахировичты жұмысқа қабылдаған.
Сол уақыттан бері Р. Маметов бюджет қаражаты есебінен айма-ай электрик қызметінің жалақысын алып келеді (бір айлық еңбек ақы 56 258 теңге).
Алайда мониторинг жұмыстары Р. Маметов № 34 мектептен бөлек өнеркәсіптік ауқымда күн және жел электр станцияларын жөндеумен, техникалық қызмет көрсетумен және пайдаланумен айналысатын ECAP Services Kazakhstan компаниясында 2015 жылдан бері «вахталық» әдіспен жұмыс жасайтыны анықталды.
Сондағысы Р. Маметов әр ай сайын (еңбек демалысы кезінен бөлек) 15 күнге Жамбыл облысы Жуалы ауданына «вахтаға» жұмыс істеуге кетеді.
Мысалы: ағымдағы жылдың қараша айының 15 мен 30 аралығында Р. Маметов Жуалы ауданында жұмыста болған. Жұмыс уақыты 9:00-ден 20:00-ге дейін.
Алайда № 34 мектептің есеп бөлімінен алған қызметкердің уақытты есептеу табельне сәйкес Р. Маметов сол қараша айының 15 мен 30 аралығында 7 сағаттық толық жұмыс жасады деп көрсетілген.
Мектептің басшылығы мен есеп бөлімі 15 күн бойы басқа жақта жұмыс жасап жүрген адамды Мектепте бар деп белгілеп, толық жалақы төлеп отырған.
Дәл осындай жағдай барлық айда қайталанып келген.
Сондай-ақ, мониторинг аталған Мектептке жұмыс жасайтын тағы екі қызметкердің жұмыс графигіне күмән туғызды.
Олар медбике Л. Мухазова және психолог Д. Камалова.
Жүргізілген мониторинг Л. Мухазова Тараз қалалық № 6 емханада жұмыс жасайтындығы, ал Д. Камалова Жошыбаев атындағы кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында жұмыс жасайтындығын көрсетті.
Қорытындылай келе, жоғарыда көрсетілген фактілердің барлығы қазіргі таңда Мектеп қабырғасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері өршіп тұрғанын көрсетеді.