Мектепте ақша жинау тыйылар емес

12/01/20211min1920

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе білім саласындағы, дәлірек орта білім беру мекемелерінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг аясында, мектептердегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің орын алу фактілерін анықтау мақсатында жобалық кеңсемен әлеуметтік желі зерделеніп қорытындысы бойынша Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 32, 34, 43 және 53 Мектептерінде жасырын сауалнама жүргізілді.
№ 32 Мектеп.
Қазіргі таңда пандемияға байланысты Мектеп штаты толық күшімен жұмыс істемеуіне байланысты сауалнаммен 30 (мұғалімдер, орта және кіші буынды қызметкерлер) мектеп қызметкерлері қамтылды.
Жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша:
— мектеп ішінде ақша жинау фактілері жиі кездесе ме? Деген сұраққа:
22 респондент мүлдем кездеспейді;
6 респондент жиі емес;
2 респондент ия деп жауап берді.

— мұғалімдер арасында неге жиі ақша жиналады? Деген сұраққа:
23 респондент мүлдем жиналмайды;
4 респондент тексеріс кезінде;
2 респондент мереке кезінде;
2 респондент ағымдағы жөндеу жұмыстар кезінде;
1 респондент басшылардың туылған күніне деп белгілеген.

— осы қызметке қалай орналастыңыз? Деген сұраққа:
4 респондент таныс арқылы;
1 респондент ақша беру арқылы кірдім деп көрсетіп отыр.

— Мектеп директоры тарапынан қысым жасалады ма? Деген сұраққа:
14 респондент мүлдем жасалмайды;
1 респондент сағат бөлу кезінде ақша сұрайды;
8 респондент газет-журналға еркінен тыс жазылдыру;
1 респондент міндетіне кірмейтін жұмыстарды атқару;
5 респондент жұмыстан тыс уақытта цирк, концерт, жиындарға қатыстыру деп белгілеген.
Сонымен қатар, жасырын сауалнама жүргізу барысында бір респондент ақша жинау фактілері жиі кездеседі ме деген сұраққа, мектептің «завучтар Жанна және Қиял» тарапынан жиі кездеседі деп өз нұқаңыз деген графаға жазып кеткен.

№ 34 Мектеп.
Мониторинг аясында мектептің мұғалімдері, орта және кіші буындағы 34 қызметкерлер арасында сауалнама жүргізілді. Онда:
— мектеп ішінде ақша жинау фактілері жиі кездесе ме? Деген сұраққа:
2 респондент ия ақша жиналады;
3 респондент жиі емес деп белгілеген.

— мұғалімдер арасында неге жиі ақша жиналады? Деген сұраққа:
3 респондент ағымдағы жөндеу жұмыстар кезінде;
1 респондент мереке кезінде ақша жинайды деп белгілеген.

— осы қызметке қалай орналастыңыз? Деген сұраққа:
2 респондент таныс арқылы деп белгілеген

— Мектеп директоры тарапынан қысым жасалады ма? Деген сұраққа:
2 респондент газет-журналға еркінен тыс жазылдыру;
2 респондент міндетіне кірмейтін жұмыстарды атқару деп белгілеген.

№ 43 Мектеп.
Мониторинг аясында мониторингпен мектептің мұғалімдері, орта және кіші буындағы 33 қызметкерлер арасында сауалнама жүргізілді. Онда:
— мектеп ішінде ақша жинау фактілері жиі кездесе ме? Деген сұраққа:
4 респондент жиі емес;
1 респондент бұрын жинаған казір жоқ деп өз нұсқасын жазған.

— мұғалімдер арасында неге жиі ақша жиналады? Деген сұраққа:
1 респондент тексеріс кезінде;
1 респондент мереке кезінде;
2 респондент басшылардың туылған күніне деп белгілеген.

— осы қызметке қалай орналастыңыз? Деген сұраққа:
3 респондент ақша беру арқылы;
1 респондент таныс арқылы кірдім деп белгілеген.

— Мектеп директоры тарапынан қысым жасалады ма? Деген сұраққа:

4 респондент міндетіне кірмейтін жұмыстарды атқару;
4 респондент сағат бөлу кезінде ақша сұрайды;
2 респондент жұмыстан тыс уақытта цирк, концерт, жиындарға қатыстыру деп белгілеген.

№ 53 Мектеп.
Мониторинг аясында мониторингпен мектептің мұғалімдері, орта және кіші буындағы 27 қызметкерлер арасында сауалнама жүргізіліп ешқандай қызметкер негативты жауап бермегендігін атап айтуға болады.