Сарысу ауданында мектепке дейінгі тәрбие және оқумен қамтылған 25 мекеме бар. Ондағы 11 (5 қала, 6 ауыл) бөбекжай-бақшалары, 14 (4 қала, 10 ауыл) шағын орталықтарда барлығы 2263 (қала-1397, ауыл-866) бала тәрбиеленуде.
Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі:
1-6 жас аралығында (2263 бала) – 90,3%
3-6 жас аралығында (1970 бала) – 100%
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтар саны – 346
Оның ішінде: жоғары білімдісі – 209, арнаулы орта – 137
Жоғары санаттысы–19, І санатты–68, екінші санатты–90, санатсыз–169
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда бала денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, коронавирустық инфекциясының алдын алу мақсатында карантиндік режим сақталуда. Вирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін ата-аналарға түсіндірме жұмыстары онлайн түрінде тұрақты жүргізілуде. Карантиндік режим аяқталған жағдайдақажетті сақтық шараларын сақтай отырып, балаларды кезекші топтарға қабылдау ата-аналардың өтініші бойынша ұйымдастырылады. Бұл топтардағы балалардың саны 15 (он бестен) аспайтын болады.
Қазіргі таңда, білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдарда 1080 баланың ата-анасы (қала бойынша-851, ауылдық жерден 231) өтініш берген. Оның ішінде екі бірдей ата-анасы жұмыс істейтін -634 бала, толық емес отбасынан-119 бала, ата-анасы мүгедек отбасынан- 4 бала, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасынан-2 бала, көпбалалы отбасынан- 323 бала кезекші топтарға келеді деп жоспарлануда.
Ал 2020-2021 жаңа оқу жылында 1 сыныпқа келетін болжамды бала саны 970 (831 мектепалды даярлық сыныптарынан 70 бала балабақшадан), қазіргі уақытта 903 (93,0%) бала қабылданды. 1 сыныпқа қабылдау 20 тамызға дейін жалғасады. 1 қыркүйек «Білім күні» онлайн форматта өткізу жоспарлануда.
Жаңа оқу жылының 1 тоқсанын қоғамдағы орын алып жатқан пандемияға байланысты 9 мектеп қашықтықтан оқытылады. Аталған мектептерде барлығы 7195 оқушы білім алады, оның 5897 оқушысы қашықтықтан оқиды, аудан бойынша барлық оқушылардың 64,1% құрайды. Бала саны 180 оқушыға жетпейтін 18 шағын жинақты мектеп штаттық режимде білім алады.
Осылайша білім беру саласында жүйелі жұмыстар жалғасын табуда.