Таңдаулы жаңалықтар:

МЕДИЦИНА САЛАСЫНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Кереғар діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмыстарын жүргізуге Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Ерболат Айнабек , Шымкент қаласы бойынша «Ақниет – ақпараттық — насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ-ның аймақтық өкілдігінің басшысы Дәлелхан Оспанов қатысты.

Аталмыш шара Оңтүстік Қазақстан медициналық колледжінің студенттерінің қатысуымен өтті.