Таңдаулы жаңалықтар:

МАЗАРАТТЫҢ ҚОРШАУЛАРЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ

Әл-Фараби ауданына қарасты Сәуле шағын ауданындағы мұсылман мазаратының ішкі және сыртқы қоршауларының сынған жерлері қалпына келтірілді. Сондай-ақ, онда заңсыз ашылған кіріп-шығу есіктері де бекітілді.
Жалпы аудан аумағында 5 мұсылман мазараты орналасқан. Мазарат маңының қураған шөптерін ору, сынған және қураған ағаштарын бұтау, қоқыс шығару жұмыстары кестеге сай тұрақты түрде атқарылып келеді.
Күтіп-баптауына жауапты «Арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС-ы аптасына 2 рет тазалық жұмыстарын жүргізіп отырады. Оған мекеме тарапынан 10 техника, 30 адам жұмылдырылған.
Қала тұрғындары мен қонақтарын аумақты ластамауға, бекітілмеген орынға қоқыс тастамауға шақырамыз.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі