Майдангер атаммен мақтанамын

Мен, Айбекбек Бейсенбеков Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Ақтоғай орта мектебінің 8 сынып оқушысымын.

Ұлы Отан соғысының ардагері Бейсенбек Мәдібековтің шөбересімін. Менің атам 1926 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Серго атындағы орта мектебінде 7 сыныпқа дейін білім алып, әрі қарай «Ақтоғай» колхозында егін және мал шаруашылығымен айналысқан. 1945 жылдың 15 қаңтарында Талас ауданынан соғысқа аттанып, 374 және 748-ші  атқыштар полкінде фашистерге қарсы соғысты. 1945 жылы Жеңіс жалауы желбіреген соң, 1950 жылдың 2 қазанына дейін Кеңес үкіметі армиясының қатарында болып, абыроймен елге оралған. 1951 жылы «Ақтоғай» колхозында, одан кейін 1957 жылдың 5 мамырынан бастап «Сарысу» совхозында жүргізуші қызметін атқарған. 1970 жылы Жаңатас қаласындағы «Қаракөл» совхозында инженер-электрик болып жұмыс жасаған. Ұлы Отан соғысында қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, құрметке ие болған Бейсенбек Мәдібеков 1977 жылдың 12 маусымында дүниеден өтті. Мен Отан үшін отқа түсіп, елінің қамын ойлаған батыр атамның ерлігін мақтан тұтамын.

 

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *