Таңдаулы жаңалықтар:

Масанчи ауылының тұрғындары бір күнде 120 вакцина алды

Аудан тұрғындары арасында жаппай вакцина салдыру бойынша  кешенді жұмыстар жүргізіліп, елді жайлаған індетті жеңудің жалғыз жолы-екпе салдыру екені түсіндірілуде. Нәтижесінде бүгінде азаматтар белсенді түрде вирусқа қарсы екпе алуда, әсіресе, ауыл-аймақтардағы жергілікті тұрғындар вакцина салдыру пунктеріне көптеп келуде.

Аудан орталығынан шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарына вакцина салдыру үшін аудандық орталық аурухана тарапынан барлық жағдайлар жасалған. Аудандық орталық аурухана қызметкерлері арнайы тоңазытқышты автокөліктермен ауылдарға барып, екпе егуде.

Бір күнде аурухана мамандары аудан орталығынан 50 км қашықтықта орналасқан 20 мыңға жуық тұрғыны бар Масанчи ауылында болып, ниет білдірген азаматтарды вакцинациялау жүргізді. Дәрігерлердің айтуынша, басқа ауылдармен салыстырғанда Масанчи ауылының тұрғындары вакцина салдыруда белсенділік танытып, бір күнде 120  ауыл тұрғыны екпе қабылдаған.

Жалпы, аудан бойынша 18 жастан жоғары 66685 адам КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатады деп жоспарланған.

Жалпы, ауданда 20 егу пункті ұйымдастырылған, 3 көшпелі бригада. Бүгінгі таңда 20036 тұлға 1-ші компонентпен, 11597 тұлға 2-ші компонентпенвакцинациядан өтті. Егуден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.

Жыл басынан бері мониторинг топтары тарапынан 180 рейд жұмыстары жүргізіліп, 36 хаттама толтырылып, 5 млн.74 мың 580  теңгеге айыппұл салынды.

Жалпы, өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бағытындағы іс-шаралар тұрақты бақылауда.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған Күнбатыс-1 ауылындағы медициналық пункттің, Өтеген ауылындағы фелдшерлік акушерлік пункттің құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *