Таңдаулы жаңалықтар:

Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңес жұмысы | Zau.kz

Маңғыстау облысында облыстың Қоғамдық кеңесі (бұдан әрі – ҚК) белсенді жұмысын жалғастыруда. Маңғыстау облысы бойынша қоғамдық кеңестің құрамына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлік саласының, сондай-ақ облыстың үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кіреді.

ҚК мақсаты – аймақтағы әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның көзқарасын білдіру. Бүгінгі таңда Маңғыстау облыстық ҚК өңірдегі әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешілуіне белсенді атсалысуда. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Маңғыстау облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен «QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық қоры (бұдан әрі – «QJ») Маңғыстау облысы әкімдігінің Қоғамдық кеңесінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында ҚК бірлесіп «Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Құралбек Көшкелдіуловпен сұхбат түрінде» ҚК жұмысы туралы бейнеролик түсірді. Әзірленген бейнеролик. жобаның бастапқы бетінде, сондай-ақ әлеуметтік желілерде таралды. Сонымен қатар 2021 жылдың 29 қарашасында «Қоғамдық кеңес жұмысының қорытындылары» тақырыбында вебинар өтті. «ҚК» Б.Жүсіпов, аудан төрағалары мен хатшыларының қатысуымент өтті. Қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмысының қорытындылары, бағдарламалары мен түрлі баяндамалары тыңдалды.

Шара соңында Қоғамдық кеңестің 2021 жылы күтетін өзгерістері айтылды. Көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау мақсатында жобаға қатысушылар арасында сауалнама жүргізілді. Интернет-ресурстарды және әлеуметтік желілерді пайдаланушылар үшін онлайн кеңес алу мүмкіндігі жасалды. Жобаның көрнекі нәтижелері үшін жобаның маңызды көрсеткіштерін көрсететін инфографика әзірленді:
Жобаның ең маңызды мақсаты Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің қызметіне қолдау көрсету, сондай-ақ ҚК қызметін көрсету болды. Жобаның маңызды нәтижелерінің бірі – Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің үздіксіз және жемісті жұмысы.