Мәдениет қайраткері Жамбылдың әкіміне жыр арнады

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ұзақ жылдар Сарысу ауданындағы Саудакент ауылдық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарған Рәтбек қажы Сүлейменұлы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке арнау жазды.

«Мына өлеңді облыс басшысының  ауданға жасаған жұмыс сапары кезінде жазған едім. Бірақ, жүздесудің сәті түспеді. Дегенмен, жүректен шыққан жырымды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялауды жөн көрдім» дейді қария.

Жүректен  шыккан   тілекті   айткан  кабыл ал

Алмасып заман танымы  адам өзгеріп,

Қоғамдық  сана ұғымға  жеке төр беріп.

Сауда мен саттық жол бермей таза еңбекке,

Ағылып байлық кеткенін елден көз көріп.

 

Жатқанда-кенет, басшы кеп өжет  елжанды,

Ақылмен кемел ой ойлап терең ел жайлы.

Аймақтың тыныс атқарған жұмыс жағдайын,

Сараптап бәрін толғана айтты жер жайлы.

 

Тұрағы адам Жер -ана болар жаралы,

Өмірдің нәрі құн жетпес байлық бағалы.

Сақталған көмес ұрпақтың  келер үлесі,

Қажеттен артық алмайды адам саналы.

 

Төрт түлік малды жаратқан Алла біз үшін,

Таусылмас байлық азықпен көлік тынысың.

Сусын мен киім керектің бәрі адамға,

Жанменен тәңге күш берер қуат ырысың.

 

Ұжымды еңбек ынтымақ бірлік бастауы,

Бөліну жеке бірлікпен  бітім қас жауы.

Келісіп пішкен болмайды келте тоныңыз,

Өмірге сабақ бұл сөздің мәні астары.

 

Көңілге қонып жүрекке еніп сөздері,

Тұнжырап жатқан ой-сана серпіп зердені.

Сілкініп халық болашақ жайын ойлады,

Енжарлық басып жабылған ашып пердені.

 

Мансабы биік тізгінін ұстап биліктің,

Ынтымақ ырыс арқауын тіндеп бірліктің.

Таразға келді тарихтың алтын көмбесі,

Қазаны болған қайнаған жұмыс тірліктің.

 

Айтамын тілек ақжолды тілеп қарағым,

Ақылмен бұзшы ру мен жүздің қамалын.

Ел жайын ойлар басшыны іскер таңдап ал,

Арқауы тірлік ескізер бірлік самалын.

 

Өмірге тірек әділдік болар айбының,

Қалауы жанның адалдық болар ай-күнің.

Жағдайын сұрап халықты жиі арала,

Көзіңмен көріп білесің елдің жай-күйін.

 

Бақылау болмай нарықта парық болмайды,

Құлқынның түпсіз аңсарын есті болжайды.

Алпауыт байлар бақылап бәрін реттеп,

Бағалар өсіп тоқтамай болар сол қайғы.

 

Жабайы сауда қансорғыш болды тойымсыз,

Кәсіпкерлерге теңелді олар орынсыз.

Өндірмей  өнім кәсіпкер атын алғандар,

Жасырып табыс төлейді салық болымсыз.

 

Абылай хандай бірлігін елдің қалыпта,

Тәрбие тәртіп жөнімен түссін қалыпқа.

Өсек пен аян арасын елдің ашпасын,

Зияны тиер істердің жайын анықта.

 

Төледей би бол, түйінін даудың шешетін,

Қиналған жанның бермейтін жатқа есесін.

Қазыбек би бол жалынды сөздің зергері,

Жебедей тартқан  санаға бірден жететін.

 

Әйтеке би бол, нұсқалы сөздің сардары,

Ашуды басар жан сарай ашар бал дәрі.

Абай бол, хакім сөз жиған асыл маржандай,

Өнеге үлгі қазақтың болған ардағы.

 

Дінмұхаммед бол, білімдар ғалым ғұлама,

Салмаған қолды аманат болған мұраға.

Жайдары жайсаң басшы боп адал халқына,

Еліне туған атанған абыз сый аға.

 

Мұхаммед соңғы Пайғамбар болған анығы,

Дін Ислам болған жан менен тәннің азығы.

Исламда бесеу, иманда жеті парыз бар,

Аллаға деген сенімнің берік қазығы.

 

Құран нұр Кәрім Алланың сөзі мәңгілік,

Адамға керек иман мен намыс, ар тұнық.

Адамдық байрақ әділдік айғақ адалдық,

Тірегің болсын санаңда тұрар жаңғырып.

 

Толғана айтам қадамың құтты болсын деп,

Еліңе келген бақ-дәулет келіп қонсын деп.

Ұжымды еңбек табыстың көзі тасыған,

Ырыстың басы  қамбаға астық толсын деп.

 

Жүректен шыққан тілекті айтқан қабыл ал,

Арнаған сөзім таным-ой, білім-қазынам.

Жаратқан ием бір Алла өзі жар болып,

Ел тұтқа атан халқыңа адал танымал!

 

Рәтбек қажы Сүлейменұлы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru