Мүмкіндікті мүлт жібермеу керек

Сарысу ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы»
Екінші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша: 2020 жылы ауылға 88 азаматқа шағын несие және қала тұрғындарына «Даму» қоры арқылы беру жоспарланған.
Несие алуға жолдама алғандардың қатарынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры арқылы мал шаруашылығына 45 азамат жолдама алды. Мал шаруашылығын жандандыру мақсатында 16 адам несие алды. Басқа азаматтардың жолдамалары қаралуда.
«Даму» акционерлік қоғамының қолдауымен 2-ші деңгейлі банктер арқылы 5 азаматтың жобасы қаралып, 2 азаматтың жобасы мақұлданған.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру 2020 жылы кешенді жоспар бойынша 200 адам.
Бүгінгі күнде 200 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Грант алғандардың ішінен 16 азамат мемлекеттік кірістер басқармасына жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп және 184 адам бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы жұмыстарын жүргізуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *