Лауазымды тұлғаларға бір жыл ішінде жылдық еңбекақысы жетпейтін айыппұлдар салынған

29/04/20201min1150

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында мемлекеттік сатып алу саласындағы заңсыздықтарға мониторинг жасады.
Айта кетерлігі, 2019 жылы Департаменттің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау және тергеу бағытында атқарылған жұмыстармен сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасағаны үшін 90 тұлға жауаптылыққа тартылған. Оның ішінде 19 тұлғаның құқық бұзушылығы мемлекеттік сатып алу саласына қатысты болды.
Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің ақпаратына сәйкес мемлекеттік сатып алу барысындағы бұзушылықтар бойынша әкімшілік тәжірибесі негізінде бірқатар мемлекеттік орган немесе мекеме басшыларының жүйелі түрде заң бұзушылықтарға жол бергені үшін үлкен мөлшерде айыппұл салынғандығы анықталды.
Атап айтқанда:
— Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қарасты «Жасыл Ел Тараз» ЖШС –нің директоры С.Икрамов – 2019 жылы 7 070 000 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған. Сонымен қатар, аталған тұлға 2007 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша (ҚК 307 бабы «қызмет өкілеттігін теріс пайдалану», 314 бабы «қызметтік жалғандық жасау» және 315 бабы «қызметтегі әрекетсіздік») сотты болған.
— Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы З.Тұрсынұлына – 2019 жылы 631 250 теңге, 2020 жылы 937 477 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған. Сонымен қатар, бұрыңғы жұмыс орны Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшы лауазымын атқару барысында З.Тұрсынұлына 9 433 399 теңге әкімшілік айыппұл салынған.
— Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Дауытбековке – 2019 жылы 4 355 625 теңге, 2020 жылы 530 200 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.
— Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.Құдертаевқа– 2019 жылы 3 282 500 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.
— Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Есеевке– 2020 жылы 662 750 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.
— Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Е.Сейтбековке– 2020 жылы 530 200 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.
— Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Оңалбаевқа – 2019 жылы 959 500 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.
— Қордай ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Е.Мендекеевке – 2019 жылы 959 500 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.
— Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Т.Бибосыновқа – 2019 жылы 404 000 теңге, 2020 жылы 437 415 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.
— Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Е.Нұралиевке – 2019 жылы 883 750 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.
— Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаевқа – 2019 жылы 820 625 теңге, 2020 жылы 404 277 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.
— Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Үміт» арнайы мектеп интернатының басшысы Ф.Қазбековаға – 2019 жылы 883 750 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.
— Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің аппараты «Балапан» балабақшасының басшысы Ф.Балаеваға – 2019 жылы 757 500 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.
— Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ветеринарлық қызметінің директоры Д.Тілемісовке – 2019 жылы 1 262 500 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.
— Шу ауданы Төле би ауылдық округі әкімі Е.Дәберовке– 2020 жылы 755 535 теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.
Көрсетілген лауазымды тұлғалардың орташа еңбекақы көлемі 160 000 теңгеден аспайтындығын ескерсек, онда салынған айыппұлды төлеуге қаражатты қайдан алатындығы туралы сұрақ туындап отыр. Бұл мәселеге дер кезінде мән бермесек, кейін ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа әкелуі мүмкін.
Жоғарыдағылар негізінде, Жамбыл облысы әкіміне жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғаларының әрбір мемлекеттік сатып алу барысында заңсыздықтарға жол беріп үлкен мөлшерде әкімшілік айыппұл төлеу фактісін арнайы бақылауға алу туралы ұсыныс берілді.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru