Таңдаулы жаңалықтар:

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Абай аудынының тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту іс- шарасы өтті - Zau.kz

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шара жоспарына сәйкес бүгін «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен Абай аудынының тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту іс- шарасы өтті.
«Болашақ» спорт кешенінде өткен іс-шараға «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиалына қарасты «Ақтас», «Бадам», «Болашақ», «Жайлау», «Жаңаталап», «Тәуелсіздік», «Ынтымақ», «Қорғасын», «Қошқар ата», «Ұлағат» бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен Абай аданының тұрғындары қатысты.

Жиында сөз алған Абай аудандық партия филиалының бірінші орынбасары Бертаев Есімхан Қалмаханұлы Тәуелсіздігіміздің таңы атқан отыз жылдан бергі уақыт ішінде біздің елімізде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында көптеген жұмыстардың атқарылғандығын және қазіргі таңда «Nur Otan» партиясының Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасына байланысты қала аумағында бұқаралық спортты дамыту бағытында үйірмелер саны артып, жаңа үлгідегі спорттық алаңшалар көптеп салынып жатқандығын сөз етті.
Даярлығы жан-жақты халық мемлекеттің бәсе¬ке¬ге қабілеттілігін арттыруға да ба¬рынша үлес қосады. Сондықтан, бұқаралық спорт бүгінгі Қазақ¬стан қоғамын алға жетелеу және ұлттық стратегиялық мүдделерге жету үшін қажет екенін атап өтті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *