Көше жолдарын рұқсатсыз қазғандар анықталды

05/06/20201min940

«Жамбыл адалдық алаңы» ЖО «Сапалы жол» жобасы аясында Тараз қаласының бірқатар көшелеріне мониторинг жүргізді.
Нәтижесінде Тараз қаласы әкімдігінің рұқсатын алмай Бейбітшілік және Пушкин көшелерінде автомобиль жолдарын қазғаны анықталды.
Нәтижесінде құрылыс жұмыстарын жүргізген мекеме басшысына полиция қызметкерлері тарапынан ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 630 және 631 баптарына сәйкес 55 560 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бұл мәселені «Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі назарға алды. Алдағы уақытта қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгізілуіне ықпал ететін болады.
Осы орай қала тұрғындарынан осындай фактілер кездессе, яғни көше жолдарын заңсыз қазу деректері болса полицияға, немесе «Жамбыл — адалдық алаңына» хабарласуларын сұраймыз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru