Корея президентінің күзетшілері

Суретте: Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ынның жүгіріп жүретін күзетшілері.

Бұл фото кеше Ким Чен Ынның Сингапурға сапары кезінде түсірілген екен. Əлемнің ең жас президенті Ким онда тарихи саммитке қатысуға келген. Сонымен қатар, бұл Солтүстік Корея лидерінің алғашқы шет мемлекетке сапары болып отыр. Ким делегациясы Сингапурға үш ұшақпен келген. Оның негізгісінде президенттің өзі болса, екінші жəне үшінші ұшақта киім- кешектер, тамақ пен көлік бар.

Араға, алты сағат салып Сингапурға Дональд Трамптың ұшағы келіп қонды. АҚШ  президенті Корей түбегінде басты тыныштық орнатушы ролін атқарып отыр. Ол ертең басталатын АҚШ — Солтүстік Корея саммитіне қатысады. Жəне бұған дейін бір -бірін балағаттап келген басшылар енді бетпе — бет кездеседі. Əрине, бұл үлкен тарихи жағдай болып отыр. Себебі, Солтүстік Кореяның бірде—бір президенті 1953 жылдан бері АҚШ — президентімен кездеспеген еді.

Енді ертең бүкіл əлем назары Сингапурға ауады. Бүл саммитті өткізуі үшін Сингапур 20 миллион  доллар жұмсаған. Кездесу Сентоза аралындағы «Капелла» қонақ — үйінде өтеді. Сондықтан да Сентоза аралы қазір түгелімен жабық. Оны екі елдің 2000-нан астам күзетшілері мен Сингапурдың құқық қорғаушылары енді күндіз — түні қорғап тұрады. Аралға ешқандай адам, көлік кіргізілмейді. Жəне шығарылмайды.

Саммиттегі негізгі мəселе Корей түбегінде тыныштық орнатып, ядролық қарудан бас тарту мəселесін шешу екендігі түсінікті. Ендігі кезекте ертең екі ел басшысы нақты қандай компрамиске келетіндігін уақыт көрсетер. Алайда, саясат саясатымен, жергілікті халықты Сингапур көшелерімен жүгіріп жүрген Кимның күзеті қызықтырып отыр…

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *