Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлықтарға 2,7 млрд. теңгеден астам несиеге берілген

​Қордай ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында 2021 жылдың І жартылдығында  4634 адамға, 17 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке және 62 шаруа қожалыққа әр-түрлі қаржылық институттар тарапынан  2,7 млрд. теңгеден астам несиелер берілді.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 453,2 млн.теңгеге 38 жоба қолдау алды. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 12,0 млн. теңгеге 2 жоба несиелендірілді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 200 млн.теңгеге 53 адам шағын несиемен қамтылды. «КМФ» ЖШС-і арқылы  1,5 млрд. теңгеге 1671 азаматқа несие берілді. «Қордай» Несие серіктестігі» ЖШС-і арқылы 600,0 млн.теңгеге  37 шаруа қожалыққа несиелер берілді. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 2 ШҚ 34 млн. теңге көлемінде несие берілді.

Жалпы, осы ретте айта кетейік, аудандағы ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 8894,9 млн.теңгені (2020 жыл – 8310,1 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 103% құрады, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы өнімі – 321,4 млн. теңге (2020 жыл – 231,3 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 100%, мал шаруашылығы өнімі – 8573,5 млн. теңге (2020 жыл – 8078,8 млн. теңге), нақты көлем индексі 103% құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің өсім қарқыны 107% құрады.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 2021 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемін 134810 гектарға орналастыру жоспарланған.

Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда (120712 га) 14098 гектарға немесе 11,7 % артық. Берілген жоспар толық орындалып, көктемгі егіс дала жұмыстары аяқталды.