Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлықтар мемлекеттік бағдарламаның шапағатын сезінуде

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске қосылғаннан бастап Қордай ауданында 9 жоба мақұлданыпты. Бүгінгі таңда тағы үшеуі бағдарлама үйлестірушісі болып табылатын кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында қаралу үстінде екен.

Кәсіпкерлікке кең өріс ашуға серпін беретін бағдарламаның ауданымызда іске асуы турасында аз-кем тоқталып өтсек. Мақұлданған жобалар негізінен ауыл шаруашылық өнім өндірісі мен мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Кәсіпкер алған қарызының 15 пайыздық жылдық сыйақысының 19 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланса, 6  пайызын кәсіпкер төлейді. Осының арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болып, өндіріс орындары қуаттылығын артыруға мүмкіндік алған.

Осы орайда бір-екі мысал келтіре кетсек. Сарыбұлақ ауылдық округіндегі «Самғау» шаруа қожалығы 2020 жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдетілген несие алған. Өнімі мол дақылдарды себуді көздеп, егіс алқаптарын әртараптандыруға аса көңіл бөлінетін шаруашылықта жүгері мен пияздың жоғары сапалы тұқымдары, жанар-жағар май, минералды тыңайтқыштар, гербицидтер, пестицидтер, фунгицидтер сатып алынған.  Бұл егіннің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні белгілі. Қазір бұл шарушалықта егінді егу жұмыстары озат агротехникалық талаптарды қолдану жүргізіледі. Оған қоса шаруашылықта техниканы жаңарту жұмыстары мықтап қолға алынған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *