Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлық жастар «Тегін такси» акциясын ұйымдастырды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығының» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «30 игі іс» жобасы аясында «Тегін такси» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылды.

Қордай ауданының «Жастар ресурстық орталығы» бастамашы болған шараға ауданның еріктілері де  белсене қатысты. Жобаның мақсаты жергілікті жерлердегі аялдама және сауда кешендерінде және тағы да басқа орындарда ардагерлерді, көп балалы аналарды және қарт адамдарды көлікпен тегін жеткізу.

Шара барысында, бес такси бір күн бойы тұрғындарды діттеген жеріне жеткізіп жүрді. Көшеге шыққан олар алдымен үлкен кісілерді көлігіне отырғызып үйіне апарса, қолында жүгі бар жүргіншілерге көмектесіп, алғысын алды. Бұл іске жастар құлшына кірісті. Акция — көлігі барлардың жаяу жүргіншілерге көмектесуін, көше тұрғындарының сыйластығын, ауызбіршілігін одан әрі нығайтуды көздейді.

«Мына игі шараның шарапаты мол деп білемін. Алғашында бұған сенбеп едім. Бірақ, көзіммен көрген соң риза болдым. Бұл әсіресе біз секілді жасы ұлғайған аға буындарға үлкен ілтипат деп түсінемін. Мұндай жақсы дүниелер жиі қолға алынып, жалғасып жатса құба-құп болар еді. Біз соны тілейміз. Әрі осыны ұйымдастырғандарға ыстық ықылас пен толассыз ризашылығымызды арнаймыз. Мен өз қалаған жеріме осы такси арқылы тегін жетіп алдым»,-деп өз қуанышымен бөлісті қордайлық ақсақал Темірбек Елемесов.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *