Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлық жастар тегін маска таратты

Қордай ауданына қарасты Бетқайнар ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы А.Ергешбаеваның  «Короновирус жұқпалы дерт!» тақырыбында індеттің  алдын алу мақсатында  маска таратылды. Аталған шараға Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесі қолдау білдірді.

Игі шара жұқпалы дерттің өршуіне жол бермеу, денсаулықты күтіп сақтық шараларды жасау мақсатына негізделді. Сонымен қатар, жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, өз денсаулығын күте білуге, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу, еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру шараның өзегіне айналды.

«Covid-2019» жұқтырған науқас жөтеліп, түшкірген кездегі мұрын мен ауыздан шығатын ұсақ тамшылар арқылы адамнан адамға жұғады. Тамшылар заттарға жұғып, ауаға тарайды. Оларға жанасқан соң, вирус көзге, мұрын мен ауызға түседі. Сол себепті науқас адамнан бір метрден астам қашықтықта алшақ жүру керек»,-дейді А. Ергешбаева.

Сондай-ақ, аталған ауылдық округтің жастар ісі жөніндегі инспекторы ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеннің абзалдығын алға тартады.         «Еліміздің қай азаматын болса да, өз елінің болашағы алаңдатары сөзсіз. Еліміздің болашағы – бүгінгі жастар. Сондықтан, олардың болашақта денің сау азамат болып өсуі еліміз үшін маңызды»,-дейді ол.

Шара барысында тұрғындарға тегін маска таратылып, дерттің қауіпті екендігі түсіндірілді.