Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлық жастар тазалық жұмыстарын жүргізді

       Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және «Жасыл ел» еңбек жасағы жастары мен  ауданымыздың еріктілері,  белсенді  жастарымен  бірлесе отырып, Қордай ауданындағы орталық «Жасыл» саябағының ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Игі шара ауданның шырайын әрлендіре түсіп, Қордай аумағын үздік экологиялық таза аймаққа айналдыру, сонымен қатар жас ұрпақты еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға баулу секілді ізгі мақсаттарға негізделді.

Тазалық жұмыстары барысында ерікті әрі белсенді жастар ауданның көрікті де көрнекті орындарын қоқыстан арылтып, көгеріштендірді.

Атап айтар болсақ «Жасыл ел» еңбек  жасағы жастары мен  ауданымыздың еріктілері Қордай ауданындағы орталық «Жасыл» саябағының ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, арам өсіп кеткен шөптерін шауып, қоқыстары шығарылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Тазалықты әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керекпіз. Әрбіріміз өз ауламызды, айналамызды таза ұстасақ қоршаған ортаны аялауға, сақтауға қосқан үлесіміз сол болады. Әсіресе, біз жастар мұндай игі істе белсенділік танытқанымыз дұрыс. Әрі өзге замандастарымызға үлгі болып, тазалыққан шақырамыз. Алдағы уақытта да мұндай шаралар дәстүрлі түрде өткізіліп отырады»,- дейді ұйымдастырушы мен қатысушылар.