Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлық жастар түрлі үйірмелер арқылы өздерін дамытуда

Жамбыл облысының шалғай әрі халық саны басым аудандарының бірі Қордай ауданында жастардың шығармашылығын шыңдау мақсатында барлығы 41 кітапхана, 3 музей, 14 мәдениет үйі, 13 клуб жұмыс жасауда.

Сондай-ақ, ауданда жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 8 аула клубы тұрақты түрде қызмет көрсетеді. Олар Қордай ауылдық округі, Кенен, Бетқайнар, Масаншы, Сұлутөр, Қарасай, Степной, Қайнар ауылдық округтерінде орналасқан. Ондағы аула клубтарының жетекшілері «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары болып табылады. Аула клуб тұрақты түрде жұмыс жасауда. Аула клубтарында ағымдағы жылдың алғашқы үш айы ішінде 1500 жас тұрақты түрде түрлі үйірмелерге қатысып келеді. Үйірмелердің қатарында – шахмат, дойбы, үстел теннисі және тағы басқалар бар.

Жалпы, Қордай ауданы бойынша ағымдағы жылдың алғашқы үш айының көрсеткіші бойынша 14-29 жас аралығындағы NEET санатындағы жастар туралы ақпаратқа тоқталар болсақ, төмендегі мәліметтерге мән берген абзал.

Өткен жылдың он екі айының қорытындысы бойынша, ауданда 189 маргиналды жас тіркелген. Қазіргі таңда үстіміздегі жылдың 3 ай көрсеткіші бойынша 19 ауылдық округтегі 189 жастың үйіне адрестік жұмыстар жүргізіліп, соның нәтижесінде 44 жас әртүрлі себебтермен тізімнен алынды. Бүгінгі күнге NEET санатындағы жастар саны – 45.

Аудан бойынша осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысында пробация есебінде тіркелген жастар саны 40-ты құрайды.