Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлық жастар «Өтеген батыр» кесенесінің маңын тазалады

      Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және «Жасыл ел» еңбек  жасағы   жастары мен  ауданымыздың еріктілері,  белсенді  жастарымен  бірлесе отырып киелі «Өтеген батыр» кесенесінің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Игі шара тарихи құнды жәндігерлердің негізі болып саналатын ескерткіштерді әрқашан дәріптеп, таза ұстап оны құрметтеу, сол арқылы қоршаған ортаны аялай отырып, өскелең ұрпақтың қасиетті орындарға деген құрметін арттыру мақсатына негізделді. Жастар арасында тарихи орындар – біздің кешегі күннің тарихы болып қалатындығын насихаттау, оларды қоршаған ортамызға және экологиялық жағдайдың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға тәрбиелеу де шараның өзегіне айналды.

         Атап айтар болсақ, тазалық жұмыстары барысында «Жасыл ел» еңбек  жасағы   жастары мен  ауданның еріктілері киелі «Өтеген батыр» кесенесінің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізіп, арам өсіп кеткен шөптерін шауып, қоқыстары шығарылып, айналасы ұқыпты күйге келтірілді.

«Мұндай тарихи ескерткіштер адамдардың жиі келетін қасиетті орындардың бірі. Ал, олардың таза, көрер көзге тартымды болып тұруы аса маңызды. Біз осына назарға алып, бүгін арнайы тазалық жұмыстарын жүргіздік. Алдағы уақыта да бұл игі іс өз жалғасын табатын болады»,-дейді белсенді жастар.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *