Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлық жастар «Мен вакцина салдырдым» акциясына үн қосты

Қордай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Мен вакцина салдырдым» акциясы аясында                       10 жас  екінші мәрте вакцинаны салдырды.

«Вакцина алу әлемді шарлаған індеттен сақтанудың басты жолы болып табылады. Әрине, бұл ең бірінші кезекте өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін қажет деп білемін. Сондықтан әр адам өзін, отбасын, әріптестерін ойлап екпе алғаны дұрыс деп есептеймін. Оның үстіне өзім мемлекеттік мекеме басшысы болғандықтан күнделікті көптеген адамдармен жұмыс істеймін. Осылайша өзімнің де, өзгенің де өміріне жауапкершілікпен қарай отырып, осындай қадам жасадым»- дейді өз сөзінде «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Расул Беделбаев.

Мекеме қызметкерлері вакцинациялаудың алдында міндетті түрде дәрігердің тексеріуінен өтіп, вакцинациялау алдында болу ықтималдылығы бар қарсы көрсеткіштерді анықтауға арналған сауалнама, яғни оның ішінде: тамақ, дәрілік заттар мен вакцина компоненттеріне аллергиялық реакцияларды анықтауға арналған сауалнаманы толтырып, коронавирустық инфекциялардың қаупі және коронавирустық инфекцияларға қарсы алдын алуға арналған вакцинациялаудан бас тартудың қаупі туралы ақпарат берді.

«Вакцина алдым. Үш күн бойы дәрігерлердің бақылауында болдым. Ешқандай кері әсері байқалмады. Жұмысымды істеп жүрмін. Әрине, көңілімде індеттен туған үрей болды. Мен оны жеңдім. Осы күдік адамдардың екпе алуына да кері әсер етіп тұрғандай. Жерлестерімді екпе салу арқылы індетті толық жеңіп, қалыпты тіршілікке оралатын күннің жақын қалғанына сендіргім келеді», – деді ауданымыздың ерікті жасы.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің  қызметкерлері коронавирусқа қарсы ресейлік  «Спутник-V» және Qaz-Vac вакцинасын жыл басында бірінші мәрте қабылдап, қазіргі таңда аудан жастарымен бірге «Hayat-Vax» вакцинасын қабылдауда. Осы орайда барлық аудан тұрғындарын вакцинаны қабылдауға  шақырады.