Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлық жастар – есірткіге қарсы

Жамбыл облысы Қордай ауданында биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыссыз ретінде тіркелген жас азаматттардың саны 327-ні құрайды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан жастардың саны 166, қоғамдық жұмысқа жіберілген жастардың саны 112, мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасқандардың саны 111, «Жастар тәжірибесі» жіберілгендер саны  (республикалық бюджет есебінен ) 49, тұрақты жұмысқа орналасқан жастар саны 1 адамға айналған.

Сондай-ақ,  Қордай ауданында  АХАЖ бөліміне ағымдағы жылдың 3 ай көрсеткіші бойынша некеге тұрған жастардың саны 261 болса, неке бұзғандар саны – 6.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша жалпы ауданда тіркелген қылмыс саны -104-ті құраса, оның ішінде 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың қатысуымен орын алған қылмыс саны – 5 деректі құрайды. Осы бағытта аудандық Жастар ресурстық орталығы мен аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторларымен бірлескен салааралық және жеке жоспар бекітіліп, 19 ауылдық округте 34 түнгі рейд, 3 кездесу, 4 дөңгелек үстел отырысы,  спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек Қордай ауданында есірткімен нашақорлықтың алдын-алу бойынша сауалнамалар алынып, ауылдық округтегі жастар ісі жөніндегі инспекторлар жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп «Есірткісіз Қордай», «Нашақорлыққа жол жоқ» атты акциялары өткізілді. Акцияға 130 жас қамтылды.