Қордайлық тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілуде

Биыл Ұлы Жеңіске 75 жыл. Ең ұлық мереке қарсаңында Қордай ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен қатар тыл ардагерлері де елеусіз қалмайды.

Ұлы Жеңіске тыл еңбеккерлерінің де қосқан үлесі зор. Сондықтан да жыл сайын оларға жергілікті атқарушы органмен қоса әр саладағы ұжымдар құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыстайды.

Осындай игі дәстүр Қордай ауданында сәуір айында-ақ басталып, аудан әкімдігінің тарапынан барлық ауылдардағы тыл еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілуде. Ал, қазіргідей қиын-қыстау кезеңде аудандағы ерікті жастар жалғызілікті қарттардың үйіне барып, үй шаруаларына көмектесуді әдетке айналдырған. Бүгінгі күнге аудан бойынша 528 тыл ардагерлері болса, оның 100 ден астам ардагерге қажетті азық-түлік себеттері ұсынылып, аудан әкімі Р.Дәулеттің құттықтауы жеткізілді. Бұл игі шара жалғасын тауып, аудандағы барлық тыл еңбеккерлері құрметтелетін болады.


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru