Таңдаулы жаңалықтар:

 Қордайлық талантты жастар Дельфий ойындарында топ жарды

Тараз қаласында облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен  XVIІ  облыстық Дельфий ойындары өткізілді. Сайыс барысында үздік атағына ие болу үшін облыс бойынша жас таланттар  бақ сынасты.

Дельфий ойындары – қатысушылар  арасынан талантты тұлғалар мен ерекше дарынды жастарды іріктеп алуға бағытталған, классикадан бастап қазіргі заманға дейінгі өнердің барлық түрін біріктіретін кешенді байқау. Оны өткізудегі басты мақсат – талантты жастарды анықтау, мәдени потенциалды сақтап, дамыту, жас таланттарды мәдениет пен өнердің озық үлгілерімен тәрбиелеу, жастар шығармашылық ұжымдарының  кәсіби деңгейлерін арттыру, оқу орындары арасында жан-жақты, кәсіби және мәдени байланыстар орнату, жастар шығармашылық ұжымдары мен жеке әртістерге шығармашылық потенциалын жүзеге асыруға мүмкіндік беру.

Тартысты байқау бойынша Қордай ауданы Кенен ауылындағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Аяла» би ансамблі жүлделі І орынға ие болса, «Дәстүрлі ән» номинациясында  Балтабай Шапағат ІІ орынды, ал «Бейнелеу өнері» номинациясында Сарыбұлақ ауылының балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының дарынды суретшісі Жанай Арай жүлделі І орынды алып, жеңімпаз атанды. XVIІ  облыстық Дельфий ойындарының жүлдегерлері облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының естелік сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталып, республикалық Дельфий ойындарына жолдама алды.

Сонымен қатар облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «ALEMDI OZGERТ» атты үздік жобалар байқауы өтті. Байқау барысында қатысушылар өзінің мемлекеттік және орыс тіліндегі пиблицистикалық жұмыстарын ұсынды.

Қазылар алқасының шешіміне сәйкес, «Әлеуметтік бағыттағы мәселелер»  номинациясы бойынша Қордай ауданының №7 Бетқайнар колледжінің студенті Аллиярова Эльеонора Жақсылыққызы  ІІІ орынды алып, ұйымдастырушылар тарапынан арнайы диплом мен естелік сыйлыққа ие болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *