Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлық отбасы грант алып, шаруасын шалқытты

Әлжан ана ауылында пластик терезе жасап, кәсібін дөңгелетіп жатқан отбасы бар. Ерлі зайыпты Мадияр Жайлаубеков пен Жазира Әділхан бұл іспен айналысқанына 3 жылдың жүзі болған. Бүгінде іс тура жолға қойылып, кәсіпкерлердің тұрақты тұтынушылары да жоқ емес.

Жазира Әділхан 2019 жылы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында кәсіпкерліктің қыр-сырын оқып үйренген жан. Ол бизнес жоспарын жасап, «Еңбек» бағдарламасы аясында мемлекеттен қайтарымсыз 505 мың теңге грант алады. Жұбайы Мадияр бұл қаржыға пластик материалдан есік-терезе жасайтын цех ашып, қажетті құрал-жабдықтарын сатып алды. Дейтұрғанымен, қаражат керек-жарағына толықтай жетпей, астындағы көлігін сатты. Бүгінде бұл тәуекел өзін ақтады деп сеніммен айтуға болады.

Қазір Мадиярдың жасаған терезелері ауданның бірнеше елді мекеніндегі үйлерде тұр. Өндіріске қажетті шикізат пен құрылыс материалдарын Шымкент қаласынан тасымалдайды. Дайын өнім бағасына тасымал құны қосылғанымен, Әлжан анада жасалған терезенің бағасы Қордай ауылында сатылатын терезелерден сәл арзандау. Сапасы да жаман емес.

Жалпы айта кету керек, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 345 жас тұрақты жұмысқа орналасты, 217 жас қоғамдық жұмысқа жолданды, 187 жас мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасты, 76 жас Жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа жолданды және 151 жас мемлекеттік грантпен қамтамасыз етілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *