Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлық кәсіпкер құлпынай егіп 6 тонна өнім алған

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Өмірәлі Варшакидзе құлпынай көшеттерін былтыр 10 гектар алқапқа отырғызып, одан 5-6 тонна өнім алыныпты. Биыл кәсіпкер тағы да 300 мың көшет сатып алып, оның көлемін бірнеше гектар алқапқа арттырған.

«Басын көтеріп елден сұрағанша, басын иіп жерден сұрайтын» диқан қауымы көктемгі дала жұмыстарына бел-шеше кіріскен шақ.  Жылдағы дәстүрлі дәнді дақылдармен қатар ауданда жемістің жаңа түрлерін өсіруге де ден қойылып келеді.

Бүгінгі таңда Сарыбұлақ ауылдық округіндегі «Благовещенка» ЖШС  құлпынайдың «Альбион» сұрыпын отырғызуды қолға алған. Құлпынайдың бұл ерекше сұрыпының жидектері қатты, тәтті және хош иісті болып келеді. Жинағаннан кейін тауарлық түрін жоғалтпай, саудаға шығаруға өте ыңғайлы. Мемлекет тарапынан шаруашылыққа құлпынайды өсіруге 50 пайыз субсидия ретінде қолдау көрсетілуде.

Мемлекеттен көп көмек алып жатырмыз, осының арқасында мол өнім алуға барлық жағдай жасалған. Құлпынай өсіру табысы мол іс, ол жыл сайын өнім береді. Ең бастысы барлық технологияны мұқият сақтаған жөн, — дейді серіктестік басшысы Өмірәлі Варшакидзе.

Жалпы, ауданда ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 8894,9 млн.теңгені (2020 жыл – 8310,1 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 103% құрады, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы өнімі – 321,4 млн. теңге (2020 жыл – 231,3 млн. теңге) немесе нақты көлем индексі 100%, мал шаруашылығы өнімі – 8573,5 млн. теңге (2020 жыл – 8078,8 млн. теңге), нақты көлем индексі 103% құрады. Ауыл шаруашылығы өнімінің өсім қарқыны 107% құрады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *