Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайлық инабатты жас келіндер сынға түсті

Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қордай, Степной, Бетқайнар, Жамбыл, Сарыбұлақ, Қарасу ауылдық округтерінде «Инабатты келін-2021!» атты аудандық жас келіндер арасында байқау ұйымдастырылып өткізілді.

Келіндер сайысын өткізудегі негізгі мақсат – ұлттық тәрбиені жандандыру, ескіні қайта жаңғырту арқылы ежелден мирас қазақ келіндерінің инабаттылығы мен ибалығын барша жұртқа насихаттау болып табылады.

Қатысушылар байқау шарттары бойынша алдымен «Мен қазақтың келінімін!» номинациясы бойынша өздерін таныстырып өтті. Бұдан соң «Өнерлі өрге жүзер» атты өнер бәйгесімен қоса ас пісіру мен шай құю, мақал-мәтелдер мен көркемсөз оқу, ісмерлік пен қолөнер шеберліктерін қаншалықты меңгергендерін көрсетті.

Қолөнер бұйымдарын жасаудан, ұлттық та­ғамдарды дайындау, сондай-­ақ «Кім  тапқыр?» импровизация-номинациясы бойынша салт-­дәстүр мен ырым-­тыйымдарға байланысты сұрақтарға тұшымды жауаптарын бере отырып, бақтарын сынады.

Сәні мен салтанаты жарасқан келіндер сайысында әділқазылар алқасының ше­шімімен барлық сыннан сүрінбей өткен жас  келіндер алдыңғы қатардан көрінді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің естелік сыйлықтары мен алғыс хат, дипломдарымен марапатталды.          

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *