Таңдаулы жаңалықтар:

 Қордайлық ерікті жастар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды    

    Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қордай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен жазғы шомылу маусымы кезінде суға кету жағдайларының алдын алу мақсатында «Жастар ресурстық орталығының» ерікті жастары «Жазғы маусымдағы қауіпсіздік» атты Қордай ауданы аумағында орналасқан өзен жағалауларында үгіт насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

         Бірлескен рейдік түсіндірме жұмыстарында шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, балаларды бақылаусыз қалдырмау басты назарда болуын, балалардың бақылаусыз қалуы салдарынан жазатайым оқиғалар орын алып жатқаны жөнінде мәліметтер келтіріліп, іс-шара барысында қауіпсіздік шараларының нұсқаулығы түсіндірілді.
         Сонымен қатар, жасөспірімдерге судағы қауіпсіздік ережелері жөнінде дайындалған жадынама парақшалары таратылып, алғашқы көмекті қалай көрсету керек екендігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған шарада 100-ге жуық жастарға түсіндірме жұмыстары өткізілді.

         Айта кетейік, су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар.  Әдетте, жүзе алмайтын балалар  белден жоғары келетін, судың терең жеріне бара бермейді, сондықақтан  суда жүзе алмайтын балалар емес, өзін жақсы жүзе аламын деп санайтын балалар судағы қайғылы жағдайларға ұшырап жатады.