Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайдың жігіт сұлтандары өзара «кім мықтыны» анықтады

 Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Мен Алаштың ұлымын!» атты «Жігіт сұлтаны-2021» тақырыбында аудандық жігіттер арасында байқау өткізілді. Ауданымыз бойынша ауылдық округтердің жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жігіттері де бақ сынап көрді.

Ер балаларға тәрбие берер салт дәстүрімізді жаңғыртатын, ой сананы қалыптастыратын, жастарға үлгі болар жігер, намыс, рух берер бабалар аманатын жалғастыратын бұл байқауға аудан бойынша он екі азамат қатысты. Байқау онлай форматта өтіп, қатысушылар алдын ала ұйымдастырушыларға өз жұмыстарын және өнерлерінің бейнебаяндарын жолдады. Сайыс барысында ауданымыздың сегіз қырлы, бір сырлы талантты жігіттері 4 кезең бойынша өзара бақ сынасып, мықты екендіктерін байқатты.

Тартысты өткен байқау нәтижесінде бабы мен бағы қатар жанған, ішіндегі ең үздігі, оза шапқан, сері жігіт анықталды. Осылайша, «Жігіт сұлтаны-2021» номинациясын Мұрымбай Қажет Мұратханұлы және Төлен Сұлтан Талғатұлы жеңіп алды. Жүлделі орынға ие болған қатысушылар облыстық «Жігіт сұлтаны» байқауына жолдама алып, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің  бағалы сыйлықтарымен  және алғыс хаттарымен марапатталды.

«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасының мүшесі Иманбаева Ғалия қатысушыларға ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауларына сәттілік тіледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *