Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайдағы тәуелсіздік құрдастары қайырымдылықпен айналысуда

Қордайдағы тәуелсіздік құрдастары қайырымдылықпен айналысуда

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Мен Тәуелсіздік құрдасы ретінде»  қайырымдылық акциясы аясында аудан азаматтары Сансызбай Жандос Қайратұлы және Мусрали Қуанар мүмкіндігі шектеулі балаларға азық-түлік және жеміс-жидектер, тәттілер сыйлап, балаларды мейраммен құттықтады.

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, мүмкіндігі шектеулі және қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір азаматтың парызы деп біздің демеушілеріміз аудан азаматтарын жақсылық жасап жарысуға шақырады.

Сондай-ақ, 12 маусым – Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күніне орай, Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері мен Қордай ауданы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны аясында «Балалардың еңбегін қанауға жол — жоқ!» атты акциясын ұйымдастырды.

Науқанды өткізудің негізгі мақсаты- қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

Акцияға Жастар ресурстық орталығының 15 ерікті жастары  қатысып, жергілікті тұрғындарға  200-ге жуық ақпараттық бүктемелер таратылды.