Таңдаулы жаңалықтар:

ҚОРДАЙДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ ГАЗ КІРЕДІ

Қордай ауданының елді мекендерін газдандыру жұмыстары күні бүгінге дейін жалғасуда. Қазіргі таңда шалғайда жатқан Соғанды ауылына магистральді газ құбыры кірді. Жақын арада 60 үйдің тұрғындары «көгілдір отынға» қол жеткізбек. Жауапты тұлғалардың мәліметіне сай, соғандылықтар мен ауылдағы әлеуметтік нысандар жақын болашақта  табиғи газға қосылмақ.

Бұл бұрын-соңды болмаған игілік ауыл тұрғындарының өмірін айтарлықтай жеңілдетіп, өмірін жеңілдететіні анық. Естеріңізге сала кетсек, Қордай ауданының елді мекендерін газдандыру мәселесі ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған, және бұл жұмыстар облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жеке бақылауында.

Жалпы, ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша аудан экономикасының барлық салаларында оң динамика қалыптасты. Жалпы өңірлік өнім 34,0 млрд. теңге болып,  экономикалық өсім 110,6%-ды құрады.

Өнеркәсіп 8,3 млрд. теңге – 105% (2020 жыл – 7,1 млрд. тг), ауыл шаруашылығы 8,8 млрд. теңге – 103% (2020 жыл – тг 8,3 млрд. тг), инвестиция  7,1 млрд.теңге – 116,1% (2020 жыл – 6,0 млрд. тг), құрылыс 2,1 млрд.теңге – 113% (2020 жыл – 1,8 млрд. тг), тұрғын үйлер 17,6 мың шаршы метр – 107,7% құрады (2020 жыл –16,2 мың ш.м.), жұмыссыздық деңгейі – 4,5%, бюджеттің игерілуі — 100%.

Сондай-ақ, 5 айда ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен өндірілген өнім көлемі 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 млрд. теңгеге ұлғайып, 8370,7 млн. теңгені немесе нақты көлем индексі 105% құрады.