Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайда жастардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған

Қордайлық жастар спорт түрлерімен жүйелі түрде шұғылданып, бос уақыттарын тиімді өткізуде.  Ол үшін ауданда жыл сайын жаңа спорт нысандары соғылып, ескілері жөндеуден өтуде. Ондай спорт нысандарының есігі тек жастарға емес, кез-келген тұрғындарға айқара ашық.

Жалпы, Қордай ауданы бойынша жалпы 328 спорт нысандары жұмыс істейді.  Аудан аумағында 5 спорт кешені, атап айтсақ оның 2-і Қордай ауылында, 1-і Отар, 1-і Әлжан ана,1-і Бетқайнар ауылында, 1-і Қаракемер ауылында орналасқан. Сондай-ақ, 19 үлкен футбол алаңы, 236 шағын спорт алаңшалары, 65 спорт залдар, 2 бассейн, 6 атқыштар тирі бар. Сондай-ақ, аталған спорт нысандары кешкі мезгілде аудан тұрғындарына, барлық спорт түрлерімен (футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, асық ату және т.б) шұғылдануға қолжетімді.

Қазіргі уақытта жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындардың саны 47286 адамға немесе 32,5 пайызға жетіп отыр.

Қаракемер ауылына жерілікті бюджеттен құны 12 млн қаражатқа стритворкаут, кіші футбол алаңы, Қақпатас ауылына жергілікті бюджеттен құны 1013,0 теңгеге стритворкаут алаңы соғылды. Сонымен қатар, Демеушілер тарапынан Отар, Әлжан ана, Қарасай, Аухатты ауылына да стритворкаут алаңы соғылып, қолданысқа берілді.

Жалпы, ауданда 3 спорт мектебі қызмет көрсетеді. Жекпе-жек спорт түрлері бойынша №17 балалар — жасөспірімдер спорт мектебі, спорт мектепбінде 24 оқытушы – жаттықтырушы жұмыс істейді. Спорттың 8 түрінен (еркін күрес, бокс, үстел теннисі, дзюдо, қол күресі, кикбокс, грек рим күресі, таэквондо) спорттық шеберлігін шыңдап жатқан 56 топта 744 оқушы бар.

Ойын спорт түрлері бойынша №18 балалар жасөспірімдер спорт мектебінде 21 оқытушы – жаттықтырушылар жұмыс істейді.

Спорттың 8 түрінен (футбол, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, теннис, еркін күрес, көгалдағы хоккей, жауынгерлік самбо) 53 топта 971 оқушы өз шеберліктерін шыңдайды.

№19 балалар жасөспірімдер спорт мектебі ұлттық спорт түрі бойынша қызмет атқарады. Мектепте 10 оқытушы — жаттықтырушы жұмыс істейді. Спорттың 7 түрінен (қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, көкпар, бәйге, жамбы ату, аударыспақ) жалпы 358 оқушы жаттығады.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *