Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайда су шаруашылығы қызметкерлерлері марапатталды

Жақында су шаруашылығы қызметкерлері өздерінің төл мерекесін атап өтті. Көбіне көзге түсе бермейтін, бірақ, нағыз азық-түлік қауіпсіздігі деген мәселеде тура осы жандардың еңбегі жататынын біреу білсе біреу білмес. Әсіресе, өзге елге суармалы суға тәуелді болып отырған кезде тамшы суды шаруаға жеткізетін, жетелеп апаратын аталмыш саланың батырлары.

Су шарушалығы қызметкерлері күні арнайы кәсіби мереке болып бекітілгеніне көп болған жоқ. Бірақ, бұл мереке аталмыш сала қызметкерлерін көтермелеуге, еңбектеріне бәрекелді айтып, құттықтаулар жеткізуге үлкен мүмкіндік, ал жұмыстарына стимул бергені анық. «ҚазСуШар» мемлекеттік мекемесінің Қордай аудандық филиалы қызметкерлері үшін жаз айы нағыз жұмыстың қызған шағы болып саналады. Жерден нәсібін жинаған шаруаға толыққанды суды жеткізу үшін, аздап келген ағын суды берекелді ету үшін барын салатын жандар өткен аптада құттықтауларды қабыл алды.

Су шаруашылығы мамандарын аудан әкімідігінің ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Әділет Қаспақбаев пен ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласының ардагері Нұржан Молдабеков арнайы құттықтап барды. Еңбегімен еленіп, су шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген мамандар осы күні марапатқа ие болды. Мәселен, «КазСуШар» Қордай аудандық өндірістік бөлімінің маманы Мақсұт Ершібұлов ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар минирстрлігінің Құрмет грамотасына ие болса, Асия Имашова «ҚазСуШар» РМК бас директорының Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, аудандық филиал директоры Асқанат Қадыров аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, мамандар Ғалым Тлеубердиев, Бақтияр Абенов және Алексей Самсонов Алғыс хатқа ие болса, аудан әкімі Рүстем Дәулеттің Құрмет грамотасымен, аудан әкімдігінің ауыл шаруашығы бөлімінің Алғыс хатымен жалпы ұжым марапатталды.

Қонақтар ауданның ауыл шаруашылығы саласын, оның ішінде су шаруашылығын дамытуға қосып келе жатқан ерекше үлесі үшін жалпы ұжымды құттықтап, қиындығы мол жұмыстарына табыс тіледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *