Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайда «Спорт-бақытқа бастар жол!» атты шағын футболдан жарыс өтті

 Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Бетқайнар ауылдық округінің инспекторының ұйымдастыруымен «Спорт-бақытқа бастар жол!» тақырыбында еріктілер және NEET санатындағы  жастар арасында кіші футболдан жарыс өткізілді.

Шара жастарды салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын  қалыптастыру, спорттық ойынға  қызығушылықтарын арттыру мақсатына негізделді. Сондай-ақ, жастарымызды ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, төзімділікке ұжымдасып  жұмыс  істеуге тәрбиелеу, олардың дене бітімдерінің дұрыс дамуына, бұлшық етінің шымыр болуына ықпал ету де жарыстын түпкі өзегі айналған-ды.

«Денсаулық – баға жетпейтін асыл дүние. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл — күйі көтеріңкі болып, еңбекке құлшына кіріседі. Сондықтан да осындай жарыстарды жиі ұйымдастыруға күш саламыз. Бұл тек жеңіске деген талпыныс ғана, оларға ерекше серпіліс те сыйлайды»,- дейді «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Бетқайнар ауылдық округінің инспекторы А.Ергешбаева.

Сонымен, тартысты өткен ойында 3 команда өзара күш сынасты.  Бағы мен бабы қатар келгендер қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Атап айтсақ, «Нұрлы жол» командасы жеңімпаз атанса, ІІ-ші орынды «Бетқайнар» командасы, ал жүлделі III-ші орынды «Достық» командасы иеленді.  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *