Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайда «Профи-2021» атты аудандық кәсіби жастар байқауы өтті

Ағымдағы жылдың 12 мамыр күні Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен  «Профи-2021» атты  кәсіби жастар арасында  байқау  өткізілді. Аудан бойынша ауылдық округтер атынан келген қатысушылар өзара бақ сынасты.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шараның басты мақсаты жастарға өз шеберліктерін танытуға мүмкіндік беру, кәсіпкер ретінде жаңа бастамаларына қолдау көрсету,  жаңа бейне  құру, адамдардың  стилін өзгерту  және адамдарға қуаныш әкелу мақсатына негізделді.

Әр кәсіптің маманы – өз алдына ерекше. Аспазшылар – бес саусағынан бал тамған адамдар болса, сән жолындағы мамандар – нағыз шығармашылықты сүйетін креативті жандар.

Байқау тиісті кезеңдерге сәйкес 1-1,5 сағат көлемінде өткізілді. Аспазшылар бірнеше тағам үлгісін жасаса, маникюр ісінің шебері, шаштаразшылар мен визажисттер – қалыңдық  үлгісі, кешкі сән үлгісі және креативті сән үлгіге сай өз жұмыстарын ұсынды.

Сонымен қызу тартысты деңгейде өткен жарыс қорытындысына сәйкес, 1-ші орынды Степной ауылдық округінің аспазшысы Таптыков Ахмет иеленсе,  визажисттер санатынан 1-ші орынды Бетқайнар ауылдық округінің жас кәсіпкері Карибаева Алтынай, әйелдер шаштаразшысынан 1-ші орынды Қордай ауылының Дроздова Татьяна және ерлер санатынан Қордай ауылдық округінен Сихимов Руслан иеленді.

Сондай-ақ, Қордай ауылдық округінің маникюр ісінің шебері Рыскулова Александра 1-ші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлделі орынға ие болған қатысушылар облыстық «Профи» байқауына жолдама алып, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің  бағалы сыйлықтары  мен алғыс хаттарымен марапатталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *