Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайда кіші футболдан тартысты турнир өтті

Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі пробация қызметімен бірлесе отырып ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Дені саудың — тәні сау!» тақырыбында NEET және пробация есебінде тұрған жастармен кіші футболдан турнир ұйымдастырылып өткізілді.

Турнирдың мақсаты пробация қызметінің есебінде тұрған  және NEET  жастарды белсенділікке баулу, қоғамдық өмірге белсене араласуына атсалысу, жобалар мен іс-шараларға шақыру және еріктілер қатарына тарту болып табылады.

«Спорт – жастарды біріктіруші күш. Саламатты өмір салтын ұстанған жастар жаман жолға қадам баспайды. Олар уақыттарын тиімді, пайдалы өткізеді әрі өмірде жетістікке жету жолында аянбай тер төгеді. Бұл орайда осындай жарыстардың жиі ұйымдастырылуы жастарды биіктерге жігерлендіре түседі»,-деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Аталған турнирге 4 команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Тартысты өткен турнир барысында командалар 20 минутқа негізделген 2 тайм бойынша қызу ойын өрнегін көрсетті. Қатысушы командалар намысты қолдан бермеуге тырысып бақты. Жарыс қорытындысымен «Пробация» командасы І орынды ұтып алып, жеңімпаз атанса ІІ, ІІІ орынды «Ретро» мен «Жастар» командасы өзара бөлісті. Соңыра жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  бағалы сыйлықтарымен және дипломдарымен марапатталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *