Таңдаулы жаңалықтар:

 Қордайда «Достық чемпионаты» өтті

     

«Бірлік болмай – тірлік болмас» демекші, міне бүгін қазағымыздың кең  байтақ даласында 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату өмір сүріп келуде. Біз үшін түрлі ұлт өкілдерінің арасында өзара түсіністігі – құндылық, ал бейбітшілік пен келісім мемлекеттік саясатымыздың негізі болып табылады.

Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Масанчи ауылдық округінде «Достық чемпионаты»  өткізілді. Ауыл жастары арасында шахмат, дойбы және үстел теннисінен өткен бұл чемпионаттың басты мақсаты да ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықты насихаттау. Ауылда интеллектуалды ойындарға жастарды жүйелі түрде айналысуға тарту, бұқаралық спорт түрін дамыту болып табылады.

         Шахмат, дойбы және үстел теннисінен өткен «Достық чемпионатының» қорытындысына сәйкес тартысты ойын өрнегін көрсетіп, бағы мен бабы қатар жанғандар өзгелерден оқ бойы озық шықты. Жүлдегерлер мен жеңімпаздар «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бағалы сыйлықтарымен, дипломдармен және жеңіске деген құштарлығы үшін алғыс хаттармен марапатталды.