Таңдаулы жаңалықтар:

Қордайда бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауына бұқаралық спорттың дамуына ерекше назар аударғаны белгілі. Сондықтан Қазақстан Республикасы Үкіметінің дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту бойынша қаулысына сай мемлекет бұқаралық спортты қарқынды дамытуды қолға алуды жоспарлап отыр. Аталған жоспарға сай спорттық алаңшалар мен орталықтар салынбақ, бұл бұқараның спортқа қолжетімділігін арттырады.

Осы орайда біз Қордай ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дидар Молдағалиевқа жолығып, аталмыш жоспарлардың ауданымызда қалай іске асқалы жатқаны турасында сұраған едік.

-Дидар Манарбекұлы, Президенттің бұқаралық спортты дамыту бойынша тапсырмасының орындалу барысы жөнінде айтып өтсеңіз.

-Жалпы аудан бойынша 311 спорт нысаны бар, оның ішінде 19 үлкен футбол алаңы, 224 шағын спорт алаңы, 53 спорт залы, 2 бассейн және 6 ату тиры. Бүгінгі таңда бұқаралық спортты дамыту мақсатында аудан әкімінің қолдауымен 6 елді мекенде (Қаракемер, Қарасай, Қақпатас, Әлжан ана, Отар, Ауқатты) стритворкаут алаңшаларын салу жоспарлануда. Оған қоса спорт кешендері қолданысқа енгізілді. 2020-2021 жылдар аралығында аудан бойынша 4 спорткешені іске қосылды.

-Спорт кешендеріне жекелей тоқталып өтсеңіз…

-Типтік дене шынықтыру сауықтыру кешендері Қордай ауылында «Болашақ» ықшам ауданында, Отар, Әлжан ана, Бетқайнар ауылдарында ашылды. Былтырғы жылдың аяғында пайдалануға берілген «Болашақ» ықшам ауданындағы типтік дене шынықтыру сауықтыру кешенінде жұмыс істейтін 9 спорттық секцияда спорт мектептердің балалары жаттығады. Болашақта бұл кешен қалауы бойынша барлық азаматтарға қолжетімді болады. Былтыр Әлжан ана ауылында ашылған кешен 120 адамға арналған, штат саны 20 адам. Екі спортзалы бар, дзюдо, самбо, казақша күрес, шағын футбол, бокстан секциялар ашылып, екінші қабатта бірнеше тренажерлар орнатылды. Бүгінгі күнге аталмыш кешен толыққанды жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге Отар ауылында ашылған қажетті жабдықпен жабдықталған кешенде спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Спорттық секциялар жұмыс істейтін кешендегі персонал саны 10 адам, спортпен шұғылдануға ниетті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *