Таңдаулы жаңалықтар:

Қордай ауданында 9 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде

Жамбыл облысының  шалғай аудандарнының бірі Қордай ауданында халықты баспанамен қамтуға басымдық берілген. Бөлінген қаржы да қомақты. Бүгінде  ауданда 60 пәтерлі 9 көпқабатты  тұрғын үйге  3,9 млрд. теңге қаржы бөлініп, құрылысы жүруде.

Аталған  9 үйдің ішінде 6 үй (340 пәтер) тұрғын үй кезектегі азаматтарға  және 3 үй (180 пәтер) Гвардейск қалашығындағы биологиялық қауіпсіздік институтының қызметкерлеріне қызметтік пәтер ретінде беріледі.

Келесі жылдарға Батыс тұрғын-үй алқабында 60 пәтерлі 5 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу үшін жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Одан бөлек, Қордай және Сортөбе ауылдарында бюджет саласының қызметкерлері, аз қамтылған және көп балалы отбасылар үшін 544 млн. теңгеге екі пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысы жүруде.

Айта кету керек, қазір Қордай ауданында тұрғын үйге мұқтаж 1983 азамат кезекте тіркелген. Биылғы бес айда берілген тұрғын үйлер 17,6 мың шаршы метрді құрайды. «Асар» жобасы арқылы үйге мұқтаж отбасыларға 5 үй берілген.

Ал жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте 13 000 азамат тіркелген. Жер кезегін азайту мақсатында Қордай (106 га 388 жер учаске), Отар (98 га 682 жер учаске) ауылдарындағы 3 алқапқа инженерлік инфрақұрылым жүргізіліп, жер теліміне кезекте тұрған азаматтарға берілуде.