Таңдаулы жаңалықтар:

Қордай ауданы халқының үштен бір бөлігі – жастар

Қордай ауданында Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын іске асыру жөнінде жергілікті атқарушы органдармен, мекемелермен, білім беру орталықтарымен салааралық жоспар бекітіліп, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүйелі жұмыс жасауда.

Ағымдағы жылға жергілікті бюджет есебінен жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында барлығы 70619,0 мың теңге қаражат бөлінсе, оның ішінде Жастар ресурстық орталығының қызметін қамтамасыз етуге 63269,0 мың теңге, аудандық деңгейдегі іс-шаралар өткізуге 4500,0 мың теңге, «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2850,0 мың теңге қаржы қарастырылып, мамыр айынан бастап 65 жас (NEET санатына жататын, пробация есебінде тұрған, жұмыссыз және студент  жастары) абаттандыру жұмыстарына тартылуда.

Аталған орталықтың дерегіне сүйенентін болсақ, аудан әкімдігі жанынан құрылған жастар ісі жөніндегі Кеңес тұрақты түрде өзінің жұмысын жүргізуде. Кеңестің ережесіне және жоспарға сәйкес жылына 2 Кеңес отырысы өткізіледі. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қордай ауданында  14 пен 29 аралығында 30102 жас бар, бұл бүкіл аудан халқының үштен бір бөлігін құрап отыр. Ауданымызда 4 колледж орналасқан (2 мемлекеттік, 2 жеке меншік), техникалық және кәсіби орта арнаулы оқу орындарында 1527 жас білім алуда.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *