Таңдаулы жаңалықтар:

Көпбалалы аналардың мәселелері қаралды

«Shanyraq» отбасы институтын қолдау орталығында Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Марат Тәжібаев көпбалалы аналармен кездесті. Онда сауалдардың басым көпшілігі атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй мәселелеріне қатысты қойылды.

Марат Әбдімәжитұлы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар тоқсан сайын толық тексеруден өтетінін, арнайы құрылған комиссия хабарласқанда ұялы телефонын көтермеген, көрсетілген мекенжайда табылмаған азаматшаларға көмектің берілмейтінін түсіндірді. АӘК тізіміне іліне алмай қалған аналардың келесі айда көмек алу өтінішін жаңадан тапсыруға мүмкіндіктері бар екенін жеткізді. Көпбалалы аналар АӘК жайында сұрақтарын қойып, аталған көмек туралы толық ақпарат алды.

«Shanyraq» отбасы институтын қолдау орталығының мекенжайы: Әл-Фараби алаңы 3/2. Байланыс нөмірі: 8 708 686 79 23

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *