Таңдаулы жаңалықтар:

Қонаев-Рысқұлов көшесінің жолайрық құрылысы

Қазіргі таңда Рысқұлов – Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл жобаның құрылысы жобалық-сметалық құжаттама бойынша 2 жылға жоспарланған болатын. Алайда қала орталығындағы ыңғайсыздықтарды ертерек жою үшін, құрылыс жұмыстарының мерзімі 1 жылға қысқартылып, ағымдағы жылы аяқтайтын боламыз.

Құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
Қонаев даңғылын тоннель арқылы көліктердің қозғалысына бүгін ашып отырмыз, ал Рықұлов көшесін көліктердің қозғалысы үшін 20 қазанға дейін ашуды жоспарлап отырмыз.

Жыл өткен сайын Шымкенттегі қалаішілік жолдарда көлік кептелісі көбейіп келеді. Әсіресе, орталық көшелерде иін тірескен автокөліктер тығынын жиі көруге болады. Атап айтқанда, Т. Рысқұлов және Д. Қонаев көшелері қаланың бір шеті мен екінші шетін жалғайтын ұзын көшелер. Содан болар, мұнда көліктердің кептелісінен туындайтын мәселелер аз емес. Осы ыңғайсыздықтарды шешу мақсатында, қала әкімдігі Д.Қонаев-Т.Рысқұлов пен Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында жолайрық құрылысын салуды жоспарлаған болатын.

2019 жылы Рысқұлов (Қонаев қиылысы) көшелерінің көліктерді өткізгіштігі 27775 авто/тәулік болса, жол құрылысы аяқталғаннан кейін 65820 авто/тәулік өткізу мүмкіншілігіне жоғарылайды. Сонымен қатар 2019 жылы Қонаев (Рысқұлов қиылысы) көшелерінің көліктерді өткізгіштігі 31650 авто/тәулік болса, жол құрылысы аяқталғаннан кейін 75900 авто/тәулік өткізу мүмкіншілігіне жоғарылайды. Жалпы жол айрықтың көлік өткізгіштігі 141720 авто/тәулікті құрайтын болады.
Аталған жолайрықтар пайдалунуға берілгеннен кейін көліктер тығыны едәуір азаятын болады.
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қазіргі таңда Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайырығын салу жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Нысан құрылысына жауапты мердігер — «Bazis Construction» ЖШС. Жолайрықтың жалпы ұзындығы Д.Қонаев даңғылы бойынша — 1 030 м, ал Т.Рысқұлов көшесі бойынша — 684,7 м. Жолдың ені — 45 метр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *