Коммуналдық төлем бойынша қолдау кімдерге көрсетіледі?

Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Құдайберген Нұрсерікұлы ӨКҚ-ң ақпарат алаңында “Карантин кезеңінде мемлекет тарапынан халықтың әлеуметтік осал топтарына коммуналдық қызмет төлемдері бойынша қолдау көрсету” тақырыбында онлайн баспасөз конференциясына қатысты. Конференция барысында, ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі №212 бұйрығымен Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу Қағидалары бекітілгендігі туралы айтылды.
Қабылданған шаралардың негізгі мақсаты енгізілген карантин кезінде азаматтарға коммуналдық қызметтерді төлеуге мемлекеттік қолдау көрсету болып табылады.
Аталған қағидаға коммуналдық қызметтерді өтеуге құқығы бар келесі санаттардағы азаматтарға беріледі, олар:
1) 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
2) мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар;
3) көпбалалы отбасылар;
4) ҰОС соғының мүгедектері мен қатысушылары және ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген азаматтар;
5) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасы;
6) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.
Сонымен қатар, коммуналдық қызмет тұтынушылардың дербес (абоненттік) есеп шоттарына ай сайын (2 ай ішінде) тікелей 15 мың теңге көлемінде шығандар өтеліп тұрады.
Бұл көмек карантин енгізілген елді мекенде тұратын және коммуналдық қызметтерді жеткізуші ұйымдармен өз аттарына келісім-шарттары бар аталған санаттарға жататын азаматтарға көрсетіледі.
Егер, мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар, көпбалалы отбасылар және өз міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына келетін болсақ, коммуналдық ұйымдармен келісім-шарт осы отбасылардың ішіннен біреуінде болуы қажет.
Бүгінгі таңда бекітілген Қағидаларға сәйкес, call-орталықтарын құру бойынша шұғыл іс-шаралар қабылдануда.
Өтінімдерді қабылдау жүйелері дайындалғаннан кейін, жергілікті тұрғындар шұғыл түрде хабарландырылады. Бұл жұмыстар қысқа уақытта атқарылады, сол себепті өтінім беру үшін әкімдік тарапынан берілетін ресми ақпаратты күту қажет.
Әкімдіктер сәуір, мамыр айлары бойынша тұтынылған коммуналдық қызметтерді өтейді. Сол себептен, өтінім беруге асығыстық танытпауға болады, өйткені барлық өтінімдер сәуір, мамыр айларының барлық кезеңдерінде де қабылдана береді.
Өтінімдер call-орталықтары арқылы қабылданады. Бұл үшін жеке сәкестендіру нөмірін (ЖСН), әлеуметтік дережесін және дербес (абоненттік) есеп шоттары бойынша ақпарат беру қажет.