Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңес мүшесі ретінде, Nur Otan партиясының Шымкент қаласын 5 жылдық даму бағдарламасындағы жол картасына сай «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грантты тағайындайтын комиссия отырысы болды. Комиссия құрамында Талғат Балтабаев, Baurzhan Alteyev, Бактияр Тайжан, тағы басқа 16 комиссия мүшесі бар. Әрбір ұсынылған жобаға асқан жауапкершілікпен қарап жатырмыз.

Грант «Бастау-Бизнес» жобасы курсынан өткендерге, ТжКБКД және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды аяқтағандарға, АӘК алатын табысы аз және көпбалалы отбасылардың мүшелеріне, оралмандар мен қоныс аударушыларға беріледі. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант бойынша комиссия отырысына 500-ден астам өтініш келіп түскен.