Таңдаулы жаңалықтар:

Шымкент әкімі Әл-Фараби ауданы Қарасу шағынауданындағы №22 үйдің ауласында салынып жатқан балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңшасына барып, жұмыс барысымен танысты.

Жалпы Әл-Фараби ауданында 672 көпқабатты үй 400 аулаға біріктірілген. 2021 жылы ауданда 27 көпқабатты үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмысы басталған болатын. Оның ішінде 14 аула «халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асуда. Тоғыз ай көлемінде 9 аула абаттандырылып, пайдалануға берілді.

Ауданда 37 спорт алаңшасы орнатылған. Оның 18-і өткен жылы жөндеуден өтсе, қалған 15 спорт алаңшасын қайта жөндеу мақсатында бюджетік өтінім ұсынылды.

Сондай-ақ, осы жылы 31 ашық спорт алаңшасын орнату көзделген. Оның 6- демеушілер есебінен жүргізіліп, бүгінге дейін пайдалануға берілді. Қазір 25 жерге мердігерлер ашық спорт алаңшаларын орнату жұмысын атқаруда.

Ал, абаттандыруды қажет ететін 82 ауланың жұмысы 2022-2023 жылдары қолға алынады.

Бұқаралық спорт дамуы бұл нысандардың қол жетімділігінде екенін айтқан шаһар басшысы, ашық спорт алаңдарын, workоut элементтерін көбейту керектігін айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *