Таңдаулы жаңалықтар:

ҚОЛЖЕТІМДІ СПОРТ АУЛАДАН БАСТАЛАДЫ - Zau.kz

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Майлықожа көшесіндегі көпқабатты № 17 үй ауласында жаңа спорт алаңшасы тұрғындар игілігіне тапсырылды. Белгілі кәсіпкер Серік Түлбасовтың жеке қорының есебінен салынған алаңшаны қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ашты.

Биыл демеуші қаражаты есебінен салынған 5-ші спорт алаңшасында воркаут аймағы, фитнес, волейбол, баскетбол және кіші футбол ойнауға мүмкіндік бар.

– Ел болашағы – жастардың денсаулығы мен білімінде. Сол миссияны орындау мақсатында баршамыз бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Бұқаралық спортты дамытуға өз септігін тигізіп жүрген қаламыздың жомарт азаматтарына алғыс. Биыл Әл-Фараби ауданында жалпы 31 спорт алаңшасы пайдалануға беріледі. Оның 25-і қала бюджетінен, ал 6-ы демеуші есебінен. Тұрғындар бұл игі істеріңізді ұмытпайды, – деді Мақсұт Пернебайұлы.

Бүгінде Шымкент қаласының барлық аудан аумағында балалар ойын алаңшалары, спорт тренажерлары пайдалануға берілуде.

Жұмыстар жалғасады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *