Таңдаулы жаңалықтар:

КОЛЛЕКТОР ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ТАЯДЫ | Zau.kz

Шымкентте Арғынбеков көшесінің бойымен Жібек жолы көшесінен №2 коллекторға дейін канализациялық коллектор құрылысы жүруде.

Қала мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов нысанның құрылыс барысын көрді.

Коллектордың жалпы ұзындығы 13,1 шақырымды құрап, құрылыс жұмысы өткен жылдың қазан айында басталған болатын. Бүгінде «Сарыағаш-Аман» мердігер мекемесі тарапынан жұмыстың 11 шақырымға жуығы тартылып, жалпы құрылыстың 90 пайызы атқарылған.

Аталған канализациялық коллектор құрылысы нәтижесінде Тассай, Азат, Ұлағат, Мирас, Шапағат-2, Нұртас, Солтүстік Шығыс, Самал-3 шағын аудандарындағы 100 мыңға жуық тұрғын кәріз жүйесіне қосылады.

Биылғы меже бойынша қаламыздың кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 52,3% дан 54%-ға жеткізу. Қала оңтүстігі мен солтүстік бөлігін кәрізбен қамтудың 2022-2025 жылдарына арналған жоспары бекітілген. Онда кәріз тазалау станциясы мен сорғы станциясының коллекторлары және елді мекендерде ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар аяқталғанда, 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетпек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *