Көлемі 5627 шаршы метрлік кілемді кім көрген?

Суретте: Əлемдегі ең үлкен алты мешіттің бірі. Абу — Дабидегі «Шейх Зайд Əл – Нахайян» мешіті.

Бұл Біріккен Араб Əмірліктерінің негізін қалаушы Шейх Зайд Əл- Нахайянның құрметіне Абу — Даби қаласында салынған ғажайып мешіт. Оның құрылысы 11 жылға созылып, 2007 жылы Рамазан айында пайдалануға берілді. Мешітті салуға нақты қанша ақша кеткендігі жөнінде айтылмайды. Бір анығы, бұл мешіт бірнеше əлемдік рекордты жаңартқан.

Мешіт Италиядан тасылған ақ мəрмəр тастан соғылған. Оның 4 минераты бар. Əр минераттың биіктігі 104 метр. Бұл мешітке бір мезетте 40 000 адам сияды.

Сонымен қатар, 2008 жылдан бастап мешіт ішіне кіруге өзге дін өкілдеріне рұқсат берілген. Оларға мешіттің мүмкіндіктерімен танысуға болады. Алла үйінде күніне Əл — Нахайянға құран бағышталып отырады.

Мешітте қазіргі таңдағы əлемдегі ең үлкен кілем төселген. Оны атақты ирандық кілемшілер осында келіп тіккен. Кілемнің аумағы 5627 шаршы метр.

Осы кілемді жасау үшін Ираннан Абу — Дабиге 1200 тігінші мен 50 техникалық қызметкер алдырылған. Кілемнің салмағы 47 тонна. Оның 2 миллион  268 000 сызығы бар. Жалпы, бүгінге дейін адамзат тарихында мұндай кілем ешқашан тоқылмаған еді.

Мешіт ішіне əлемдегі ең үлкен люстра ілінген. Ол таза алтын мен австриялық кристалдармен жасалынған. Люстра Германияда дайындалды. Оның биіктігі 15 метр, диаметрі 10 метрден асады. Салмағы 12 тонна. Сондықтан құрылысшыларға бұл люстраны ілу де оңайға түспеген. Люстрада үлкенді — кішілі 100 мыңға жуық лапмасы бар. Ол əр түске де көмкерілуі мүмкін.

Мешіт ішінде намаз оқуға арналған 7000 орындық бөлме бар. Мұнда əйелдер намаз оқу үшін де 3000 орындық жеке зал орналасқан.

Ал, қазіргі таңда дүние жүзіндегі ең үлкен екі мешіт те Сауд Арабиясында. Оның біріншісі Əл — Харам мешіті болса, екіншісі Əл — Набави мешіті. Үлкендігі жөнінен ең ірі үшінші мешіт Ирандағы «Реза Имам» мешіті болып отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *


Бізбен байланыс

«ZAU.KZ» ақпарат агенттігі

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Телефон: 8 771 399 43 63

Электронды пошта: zau.kz18@mail.ru