Таңдаулы жаңалықтар:

ҚОҚЫС АЛАҢШАЛАРЫНА АРНАЙЫ НҰСҚАУЛЫҚТАР ҚОЙЫЛУДА

Әл-Фараби ауданының тұрғындары енді тазалық мекемелеріне тікелей шағымдана алады. Ол үшін қоқыс алаңшаларының алдына ескертпе белгілері жазылған арнайы нұсқаулықтар ілінді.
Нұсқаулық тақтайшаларына аумаққа бекітілген қоқыс шығарумен айналысатын мердігер мекеменің атауы, байланыс нөмірлері және қоқыс шығару жиілігі жазылған. Қоқыс уақтылы жиналмаған жағдайда тұрғындар жауапты мекеменің диспетчеріне тікелей ұсыныс-пікірі мен шағымын қалдыра алады.
Әл-Фараби ауданы аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 192 контейнер алаңшалары және 749 қоқыс контейнері бар болса, соның 60 пайызына нұсқаулықтар орнатылды. Қазан айының соңына дейін барлық қоқыс алаңшалары қамтылатын болады.
Еске сала өтейік, қоқыс жәшіктеріне құрылыс заттарын тастағандарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Тазалық – ортақ жауапкершілік!
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі